Евразиялық одақ

ЕАЭО туралы Келісімге қол қою ілкімді істің бастауы – А.Лукашенко

ЕАЭО туралы Келісімге қол қою ілкімді істің бастауы , деп мәлімдеді Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко.
Астана қаласы29 Мамыр , 15:19

«Интеграция процессі өте үлкен және ауқымды шара болды. Осы жолда із біреулерден айырылдық, енді біреулерін қайта таптық. Алайда, ешқашан тоқтамадық», - деді сөз басында Александр Лукашенко.

«Еуразиялық интеграцияның кеңістігінде жұмыс істеу барысында бүгінгі күн маңызды шарамен есте қалмақ. Біз бүгін Қазақстан, Ресей мен Белорусия мемлекеттері арасында ЕАЭО туралы Келісімге қол қойдық»,- деп А. Лукашенко ағынан жарылды.

Сонымен қатар Белорусь Президенті, экономикалық ынтымақтастық аясындағы ірқатар пролемалардың шешімін біршама уақытқа шгеріп қойылғанын тілге тиек етті. Алайда, бұл осымен бәрі шешілді деген сөз емес, керісінше ілкімді істің басталғанын білдіреді. Бірінші кезекте біз өзіміздің халқымызға, содан кейін әлемге осы бағытта дұрыс қадам жасап жатқанымызды көрсетуміз керек, деп ол атап өтті.




Яндекс.Метрика