Евразиялық одақ

29 мамыр күнтізбеге Еуразиялық интеграция күні болып енуі тиіс – Н.Назарбаев

Назарбаев 29 мамыр күні күнтізбеге Еуразиялық интеграция күні болып енуі тиіс – деп Астанадағы атап өтті, ЕАЭО Президенттерінің Астанадағы бірлескен мәлімдемесінде.
Астана қаласы29 Мамыр , 15:10

«Енді жаңа құжатты елдеріміздің парламентариилері мұқият қарап, ратификациялауы қалды. Біз, мемлекет басшылары өзіміздің парламент пен депутаттарға жолдау жасауға уағдаластық. Себебі келесі жылдың 1 қаңтарынан Одақ толық күшіне енуі қажет», -  деді Н.Назарбаев.

Елбасы тағы да «Бүгін Қазақстан, Белорусия, Ресей үшін маңызды күн, Еуразиялық экономикалық одақ – мығым механизм, мәңгілік достық пен тату көршіліктің өзара қарым-қатынасы» деп айтып өтті.

«Мен 29 мамыр күні күнтізбеге Еуразиялық интеграция күні болып енуі лайықты деп санаймын», - деді ол.

Мадина Нұрбекова




Дерекнама

Яндекс.Метрика