Евразиялық одақ

КО ішіндегі сауда айналымы 3 жыл ішінде 50 пайызға артты – В. Путин

КО елдерінің ішкі сауда айналымы 3 жыл ішінде 50 пайызға өсті. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин ЕАЭО мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесінде мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 15:07

«Соңғы үш жылда КО iшiндегi тауар айналымы 50 пайызға артып, 23 млрд долларды құрады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 66,2 млрд долларға тең. Беларусь пен Қазақстан Ресейдiң сыртқы сауда балансында ЕО мен Қытайдан кейiн үшiншi орында тұр. Салыстырып көрейiк, ЕО-мен сауда айналымы – 440 млрд, ал Қытаймен 87 млрд долларды құрайды. Қазақстан және Беларусь елдерімен тауар айналымы экономика көлемi бойынша алдыңғы екеуiмен салыстырғанда төмендеу, алайда үшiншi орын алады. Бұл ықпалдастықтың арқасында мүмкiн болып отыр», - дедi В.Путин. 

Оның айтуынша, одақ мүшелері тұтынушылардың құқын жоғары деңгейде қорғайды.

«Ресей, Белоруссия мен Қазақстан  одақ нарығындағы әділ бәсекелестікке қолдау көрсетіп, қатысушы -мемлекет кәсіпкерлерінің мүддесін қорғайтын болады », - деді  В. Путин.

Бұдан басқа, РФ Президенті ортақ қаржы нарығының міндетін тілге тиек етті.

«Біз болашақта ортақ қаржы нарығын құруды көздеп отырмыз. Капитал саласындағы кедергілерлі алып тастау қаржы мен қаржылай қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттырады. Кезек-кезеңімен влюта саясатын біріктіру одаққа мүше мемлекеттердің қаржы жүйесінің тұрақтылығын артырады.  Сонымен қатар, ұлттық қаржы нарығын алдын-ала болжау мүмкіндігін және  оны валютаның құбылмалылығынан қорғау қабілетін еселейді», - деп Президент толықтырды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика