Евразиялық одақ

ЕАЭО-ның жастарға берері мол – Мемлекет басшысы

Еуразиялық экономикалық одақ қатысушы-мемлекеттердің болашақ ұрпақтарының алдында үлкен мүмкіндіктердің есігін ашады. Бұл туралы Еуразиялық Экономикалық Жоғарғы кеңесінің кезекті отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 15:03

«ЕАЭО жастар үшін құрылуда. Ол жас ұрпаққа қатысушы мемлекеттерді білім алуға, кәсіби біліктіліктерін арттыруда басымдылық береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Бүгінгі шара еліміздің болашағы үшін жаңа мүмкіндіктер береді, бірінші болып болашақ ұрпақ үшін маңызды», -деп ол өз ойын толықтырды.

Сондай ақ Елбасы, «біз өзіміз бірінші болып, бүкіл әлемге өмірлік маңызы бар интеграциялық шешімді қабылдағанымыздың дұрыстығын дәлелдеуіміз қажет», деп атап өтті.

Естеріңізге салайық, бүгін Еуразиялық Экономикалық Жоғарғы кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан, Ресей, Беларусь басшылары - Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қойды.  Бұл Келесім 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

Мадина Нұрбекова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика