Евразиялық одақ

ЕАЭО қатысушы елдер халқына жаңа мүмкіндіктер береді – Н.Назарбаев

Еуразиялық экономикалық одақты құра отырып мемлекеттер арасындағы байланыс нығая түсіп, халықтың алдына көптеген мүмкіндіктерді көлденеңнен тартады. Соның ішінде одақтың жастарға берері мол. Осы арқылы мүше мемлекеттің жастары одаққа мүше елдердің ішіндегі қалағанына барып білім ала алады. Бұл туралы ЕАЭО құру туралы Келісімге салтанатты қол қою рәсімінен кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 14:47

«Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің азаматтарына бүгінгі күннен бастап жаңа мүмкіндіктер ашылды. 170 млн-нан астам халыққа ие бұл одақ бірінші кезекте Еуропа одағынан сабақ алуы керек. Халықаралық тәжірибеге сүйенген жөн. Еуразиялық экономикалық одақты құра отырып мемлекеттер арасындағы байланыс нығая түсіп, халықтың алдына көптеген мүмкіндіктерді көлденеңнен тартады. Соның ішінде одақтың жастарға берері мол. Осы арқылы мүше мемлекеттің жастары одаққа мүше елдердің ішіндегі қалағанына барып білім ала алады», - деді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, жиырма жылдай уақыттан бері интеграциялық  үрдістер әбден пісіп жетілді. Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік деңгейінен өте отырып ЕАЭО түріне айналған ынтымақтастың болашағы зор.

«Үш мемлекеттің де халқы бұдан былай тауар, капитал мен жұмыс күшінің еркін алмасуына қол жеткізеді. Одақтың болашағы аталмыш келісіммен шектеліп қалмақ емес, Армения мен Қырғызстан мемлекеттерінің одаққа енуі туралы ой бар, алдағы уақытта аталмыш мемлекеттердің одаққа енуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, Вьетнам, Үндістан, Израиль және  Қытаймен арада экономикалық байланыстарды нығайтып, одақтың экономикалық әлеуетін арттыра түсуіміз керек.», - деді Елбасы. 

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика