Евразиялық одақ

А.Атамбаев: Тарихы ортақ елдердің болашағы да ортақ

Ортақ тарихқа ие мемлекеттердің болашағы да ортақ, деп мәлімдеді бүгін Қырғызстан Республикасының Президенті Алмасбек Атамбаев Мемлекет басшылары деңгейінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
Астана қаласы29 Мамыр , 14:26

«Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына Қырғызстан қолдау білдіре отырып алдағы уақытта одаққа енуге мүдделі. Біз одаққа кірген жағдайда мемлекеттік мәселелерді, соның ішінде жұмыссыздық пен өндіріс мәселесін әріптес мемлекеттердің иығына артып қоймақ емеспіз», - деді А.Атамбаев.

 Оның айтуынша, Қырғызстан ЕАЭО енуінда Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің қолдауына сенім артады.

 Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада  Жоғары Еуразиялық  экономикалық кеңестің  мемлекет басшылары деңгейіндегі отырыс өтуде, шара аясындағы Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің және Армения мен Қырғызстан  президенттерінің қатысуымен өткен 3+2 форматындағы кездесуде Еуразиялық Экономикалық одақтың болашағы мен оған алдағы уақытта одаққа Армения мен Қырғызстанның қосылу жайы сөз болды. 

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика