Евразиялық одақ

Еуразиялық экономикалық одақ негізгі екі аспектіде жұмыс істейтін болады – Н.Назарбаев

Еуразиялық экономикалық одақ негізгі екі аспектіде жұмыс істейтін болады. Атап айтар болсақ ол ЕАЭО-ның өңірдегі ең ірі макроэкономикалық қуаттылыққа ие болуы мен мүше мемлекеттердің әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына енуі,деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев «Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңестің» мемелкет басшылары деңгейіндегі отырысында.
Астана қаласы29 Мамыр , 14:02

«Еуразиялық экономикалық одақ негізгі екі аспектіде жұмыс істейтін болады. Атап айтар болсақ, ол ЕАЭО-ның өңірдегі ең ірі макроэкономикалық қуаттылыққа ие бола отырып Азия мен Еуропа, батыс пен шығыс арасындағы көпірге айналуы мен мүше мемлекеттердің әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына енуі, осы жолда мемлекеттердің экономикасына серпін бере отырып халықтың әлеуметтік деңгейін арттыру қажет», - деді Н.Назарбаев.

 Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ өзара келісім мен теңдік негізінде құрылуда.

«Біз осы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың болашағын баянды етеміз. Еуразиялық экономикалық комиссия Мәскеуде орналасып, одақтың жұмысына басшылық етпек, дегенмен бұл тұрғыда түрлі ұсыныстардың болғаны да анық», - деді ол.

 Сонымен қатар 2025 жылдан бастап Алматыда Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы нарығын реттейтін ұлттық органдардың үстінен қарайтын орган құрылмақ. 

Бауыржан Мұқанов 




Дерекнама

Яндекс.Метрика