Евразиялық одақ

Еуразиялық экономикалық одақ өзара келісім мен теңдік негізінде құрылуда –Н.Назарбаев (ВИДЕО)

Еуразиялық экономикалық одақ өзара келісім мен теңдік негізінде құрылуда, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
Астана қаласы 29 Мамыр, 13:55

«Еуразиялық экономикалық одақ өзара келісім мен теңдік негізінде құрылуда. Осы орайда аз ғана уақыттың ішінде үкіметке Келісім жобасын дайындағаны үшін алғыс білдіремін. ЕАЭО кем дегенде алдағы 20 жылдық жоспарға ие болуы керек. Одақтың бүгінгі таңдағы басты мақсаты өңірдегі ең ірі макроэкономикалық қуатқа ие бола отырып, мүше мемлекеттерді әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына жетелеу», - деді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім жан-жақты жетілдірілді. Қазіргі таңда аталмыш Келісімге қол қою рәсіміне алда қосылуы жоспарланып отырған Армения мен Қырғызстан елдерінің мемлекет басшылары да шақыртылып отыр.

Айта кетейік, бүгін 3+2 форматында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысында ЕАЭО туралы Келісімге қол қойылды. 

Бауыржан Мұқанов 





Яндекс.Метрика