Евразиялық одақ

Интеграция Қазақстанға жаңа инвесторлардың қызығушылығын арттырады - А.Цайтлингер

Интерация Қазақстанға жаңа инвесторлардың қызығушылығын туғызады. Бұл жайлы ҚР Президентінің жанындағы ОКҚ көшпелі брифингінде Қазақстан-Австрия қауымдастығының мүшесі, Lansky, Ganzger + Partner халықаралық адвокаттар бюросының әріптесі (Вена, Австрия), ТМД елдері және Ресеймен жұмыс жөніндегі жетекшісі, LGP Астана қаласындағы басқарушы әріптесі Анна Цайтинглер мәлімдеді.
Астана қаласы 29 Мамыр, 13:42

«Еуропалық  инвесторлар бүгінгі таңда Қазақстанды нарықтық болашағы бар, әрмен қарай жұмыс жасауға болады деп есептейді. Бұл жайлы ұзақ айтуға болады. Қазақстанның болашағын Ресеймен, Белоруссиямен салыстыра отырып, Қазақстанның инвесторлар алдындағы, артықшылығы жайлы айтпай кету мүмкін емес», -  деді А.Цайтлингер.

Оның пайымынша, Бүкіләлемдік банктің индекстары мен рейтингтері бойынша Қазақстан өзге ТМД елдерінде көш бастап тұр. «Бүгінгі таңда Еуразиялық интеграция мен Қазақстан қол қоятын келісімге сәйкес, ол Еуропалық одақ пен алыс-жақын шет ел үшін Еуразиялық одақтағы бастапқы алаң болмақ. Көптеген инвесторлар Қазақстан нарығына келіп, орнығуға мүдделі», -  деді Қазақстан-Австрия қауымдастығының мүшесі.

Мәдина Нұрбекова





Дерекнама

Яндекс.Метрика