Евразиялық одақ

Одаққа мүше Қазақстан, Ресей мен Беларуссия табысты болады деген сенімдемін – Коскун Чоруз

Мен сіздердің Президенттеріңізді тарихи құжатпен құттықтап, Одаққа мүше Қазақстан, Ресей мен Беларусия табысты болады деген сенімімді білдіргім келеді, деп мәлімдеді ОКҚ көшпелі брифингінде Нидерландының төменгі палатасының экс-депутаты, ЕҚҰЫ парламеттік тобының экс-төрағасы Коскун Чоруз (Coskun Coruz).
Астана қаласы29 Мамыр , 13:39

«Мен сіздердің Президенттеріңізді тарихи құжатпен құттықтап, Одаққа мүше Қазақстан, Ресей мен Беларусия табысты болады деген сенімімді  білдіргім келеді. Голандияда жақсы досын болғаны жақсы. Ал, егер ол алыста болса оның пайдасы жоқ, дейді.  Осы келісімге қол қойылған соң біз өзіміздің жұмысымызды бастаймыз. Естеріңізге сала кетейік Еуропада Еуропалық экономикалық одаққа қатысты дауыс беру өтікізілді және халықтың сенімінен гөрі күмәні басым еді. Алайда, халықтың бұл одақтан көрген пайдасы орасан зор. Мен, Қазақстан, Ресей мен Беларусияның халқыда аталмыш одақтан үлкен пайда көреді деп сенемін. Сонымен қатар, Қырғызстанда аталмыш одаққа мүше болады деп үміттенемін», - деді  Коскун Чоруз.

Естеріңізге салайық, бүгін Еуразиялық Экономикалық Жоғарғы кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан, Ресей, Беларусь басшылары - Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қояды.  Бұл Келесім 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

ЕАЭО құру сарапшының пайымынша, тауарлардың бағасын төмендетіп, шикізатты тасымалдаудағы кешіктірулерді болдырмайды. Бәсекелестік орнатуға септігін тигізеді.  

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика