Евразиялық одақ

ЕАЭО әмбебап ашық принціптер негізінде жұмыс істейтін болады– В.Путин

ЕАЭО әмбебап ашық принціптер негізінде жұмыс істейтін болады, деп Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Еуразиялық Жоғары Кеңестің кезекті отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 13:32

 «ЕАЭО әмбебап ашық принціптер және ДСҰ нормативті принціптері негізінде жұмыс істейтінін ерекше атап өткім келеді.  ЕАЭО одақ туралы Келісім қол қою үшін толығымен дайын. Бұл Қазақстан, Ресей, Белорусия мемлекеттерінің тығыз байланыста істеген жұмыстарының нәтижесі», - деді ол.

Сонымен қатар В. Путин, үш елдің табиғи байлықтарына, олардың артықшылықтарына және мемлекеттердің алдында ашлығалы тұрған мүмкіндіктерге тоқталды

«Біздің одағымыздың табиғи ресурсы бай. Дәлірек айтатын болсақ,  әлем бойынша газ қорының бестен бір бөлігі, мұнайдың 15% тисілі. Оның үстіне біз өндірістің индустриалды базасын дамытуда алғашқы үштікке кіреміз. Ал, географиялық орналасуымыз аймақтық және халықаралық маңыздағы көлік және логистикалық бағыттарды құруға мүмкіндік береді. Бұл Еуропа мен Азия масштабтары. Сонымен қатар ол, бізге бәсекеге қаілетті болуға, тұрақты дамуға, құбылып отыратын әлемде алға ұмтылуға кепілдікте беруде»,- деді  В. Путин.

Естеріңізге салайық, бүгін Еуразиялық Экономикалық Жоғарғы кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан, Ресей, Беларусь басшылары - Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қойды.  Бұл Келесім 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.




Яндекс.Метрика