Евразиялық одақ

Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясы - Н. Назарбаевтың бастамасы – В. Путин

Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясы - Н. Назарбаевтың бастамасы , деп Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.
Астана қаласы29 Мамыр , 13:29

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт қол қоюға толығымен дайын екенін ерекше атап өткім келеді. Бұл біздің бірлескен жұмысымыздың, Ресей, Қазақстан және Беларусь үкіметтерінің тығыз өзара әрекеттестігінің нәтижесі екенін айта кеткен жөн. Ортақ сындарлы дайындық пен әр тараптың ымыраға келуінің арқасында біз бұл жолда көптеген қиыншылықтарға төтеп бере алдық. Осылайша, болжанғандай 2014 жылдың 1 маусымына дейін құжатқа қол қоюға қол жеткіздік»,- деп мәлімдеді В.Путин.

«Нұрсұлтан Әбішұлына шақырғаны үшін, бізге бүгінгі шараны ұйымдастырып, оны шын мәнісінде мерекеге айналдырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді», - деп толықтырды РФ президенті. 

«Бүгінде біз бірге экономикалық дамудың қуатты, тартымды орталығын, 170 миллионнан астам адамды біріктіретін ірі аймақтық нарықты құрудамыз. Біздің одақ табиғи ресурстардың, соның ішінде энергетикалық ресурстардың мол қорына ие. Оған газдың әлемдік қорының бестен бір бөлігі, мұнайдың 15%-ға жуығы тиесілі», - деп мәлімдеді В.Путин.

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика