Галяль Махер Гальял Эльгор өз сөзінде бүгінгі оқиғаның ерекшелігіне тоқталып, осы келісім Қазақстан мен Ресейдің әрі Беларусь азаматтарының тыныс-тіршілігін тіптен жақсарта түсетінін мәлімдеді. Ерте ме, кеш пе осы елдердің көші түзелеріне сенім білдірді.
«Сондықтан да осы Одаққа өзге елдер ұмтылуы керек. Өз халқына жаны ашитын әрбір ел мүше болуы тиіс», - деді ол.
Және Қазақстанның әлеуеті, қола бар мүмкіндігі Еуропа елдерінің инвесторларына оң әсер ететінін айта келе Одақ мүшелерінің де тең дәрежеде пайдаға кенелетінін жеткізді.
«Интеграция деген жаңа ұғым. Адамдар бір-біріне жақындай түседі. Еуразиялық экномикалық одақтың құрылуы осы жобаны ойлап тапқандар мен жүзеге асырғандар үшін үлкен қадам. Және Қазақстан мен Ресейдің, Беларусь халқының өсіп, өркендеуіне ерекше серпін береді», - деді ол.
Динара Сүгірбаева