Евразиялық одақ

ЕАЭО туралы Келісімге саналы түрде келдік – А. Лукашенко

ЕАЭО туралы Келісімге саналы түрде келдік. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 13:16

«Біз Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюға саналы түрде келдік. Өз мүдделерімізді қорғадық, әріптестеріміздің ұстанымына құрметпен қарадық, құжатқа жіті талдау жүргіздік, оның оң тұстарын атап өттік. Бірақ қандай да бір қанағаттанбаушылықтың бар екенін айтпауға болмас. Келісімдерімізді әрі қарай жақсарта түсуге мүмкіндігіміз бар. Адал және сенімді әріптес бола отыра, біз Ресей мен Қазақстан Президенттерімен бұл туралы міндетті түрде сөйлесеміз», - деді А.Лукашенко. 

Беларусь Президентінің мойындауынша, олар өз тараптарына айтылған наразылықтар мен айыптауларды көп естіген. 

«Көптеген айыптаулар мен наразылықтарды естідік. Қазірдің өзінде баспасөзде «Лукашенко Минск үшін бонустар саудалап жатыр» деп шулап жатыр. Бұл біздің достық одағымыз. Біздің ел ештеңе талап етіп жатқан жоқ. Әрбір интеграция барлығы үшін қызық болатын дүниелер ұсынады. Бұл үлес шаршы метр және баррельмен өлшенбеуі тиіс», - деді Беларусь Президенті. 
Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика