Евразиялық одақ

Беларусь Президенті: Біз Ресей және Қазақстан - тең дәрежелі жобаның қатысушыларымыз

Біз Ресей және Қазақстан - тең дәрежелі жобаның қатысушыларымыз. Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық Жоғары Кеңестің кезекті отырысында осылай деп мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 13:10

«Бізге қандай айыптаулар мен наразылықты тыңдамайық, кеңес империясын қайта құру десе де, тәуелсіздіктен айырылып, Ресей мен Беларуське тұсау десек те, бәрінен де Белорусияға көп тиді. Қазірдің өзінде баспасөз беттерінде талас туындауда», - деі сөз басында Александр Лукашенко .

Лукашенко өз еліне тиімді тұстардың пысықталуында талап етті.

«Әлде Ресей, тіпті Қазақстан Беларустың экономикасындағы ауыртпашылықты арқалағысы келетіндей көрінеді. Нақ айтайын, біздер Ресей және Қазақстанмен тең дәрежедегі әріптестерміз. Біреудің мойынында отыруды да, біреуді мойынға мінгізуді де жөн көрмейміз. Достық Одағының негізінде өмір сүруді қалаймыз», - деді А. Лукашенко.

Естеріңізге салайық, бүгін Еуразиядық Экономикалық Жоғарғы кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан, Ресей, Беларусь басшылары - Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қойды.

 Бұл Келесім 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.




Яндекс.Метрика