Евразиялық одақ

А. Лукашенко: ЕАЭО құрудың басты мақсаты – халқымыздың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіне жағдай жасау

ЕАЭО құрудың басты мақсаты – біздің халқымыздың ейбітшілік пен келісімде өмір сүруіне жағдай жасау. Бұл туралы бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында Беларусия президенті Александр Лукашенко мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 13:04

«Біз Еуразиялық интеграция жолында талай бағынбас белестерді бағындырдық. Айта кетерлік жайт, ЕАЭО құрудың басты мақсаты – біздің халықымыздың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіне жағдай жасау және жұмыс барысында біз оны әрқашан басшылыққа алдық. Уақыт жасаған таңдауымыздың дұрыстығын дәлелдеді. Бастапқыда білім саласында байланыс орнаттық - Тәуелсіз мемлекеттердің достығы. Кейіннен Еуразиялық экономикалық қауымдастық, содан соң Кедендік Одақ бой көтерді. Сонымен қатар, бірыңғай экономикалық кеңістіктің шекарасын да бекіттік», - деп А. Лукашенко ағынан жарылды.

«Бүгінде мәреге жетіп қалдық. Яни, Еуразиялық Экономикалық одақты құрып жатырмыз. Біздің еліміз интеграциялық процсстердің ядросы болатын ТМД елдірінің көшінен ешқашан қалған емес», - деп  Беларусия Президенті өз ойын түйді.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика