Евразиялық одақ

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің күн тәртібінде 7 мәселе қаралады – Н.Назарбаев

Жоғары Еуразиялық Экономикалық кеңестің күн тәртібінде 7 мәселе қаралады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев Мемлекет басшылары деңгейінде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
Астана қаласы29 Мамыр , 12:57

«Бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіне 7 мәселе шығарылып отыр. Барлық сұрақтарды сарапшылар, вице-премьерлер сараптады, шарт қол қоюға дайын. Оған салтанатты жағдайда қол қойылады. Сондай-ақ, Арменияның одаққа қосылуы туралы тармақ бар. Кеңейтілген ауқымда мұны талқыға саламыз», - деді Қазақстан Президенті. 

Оның айтуынша, Қырғызстан да Жол картасы жобасына қызығушылық танытып отыр.

«Осы мәселені енді тараптардың толық қатысуымен талқылауды ұсынамын», - деді Елбасы. 

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика