Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату

Жаңаөзенді дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға 9,4 млрд теңге бөлінді

2012-2020 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру жалғасуда,
Маңғыстау26 Тамыз , 00:00

Кешенді жоспарды іске асыруға 2013 жылға 9,4 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 8,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 795,8 млн теңге бөлінді. 

Биылғы жылы Жаңаөзен қаласында полиция учаскелік пунктері мен «Жұлдыз» шағын ауданында 320 орынға шақталған балабақша пайдалануға берілді, шұғыл басқару орталығын материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары жүргізілді.

Жыл соңына дейін республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын тағы бірқатар нысандардың құрылысын аяқтау жоспарлануда: олардың арасында Рахат шағын ауданындағы емхана, Бостандық шағын ауданындағы 624 орынға лайықталған орта мектеп, Теңге ауылын сумен жабдықтау жүйелері, Рахат-3 шағын ауданының сумен жабдықтау жүйелері, жаңа «Жұлдыз» және «Мерей» шағын ауданындағы электрмен жабдықтау жүйелері, 100 кереуеттік перзентхана бар.




Яндекс.Метрика