Евразиялық одақ

ЕАЭО Келісіміне қол қою рәсімінің Астанада өтуі өзіндік мәнге ие – В.Путин

ЕАЭО құру туралы Келісімге қол қою рәсімінің Астанада өтуі өзіндік мәнге ие, деп мәлімдеді бүгін РФ Президенті Владимир Путин Мемлекет басшылары деңгейінде өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
Астана қаласы29 Мамыр , 12:52

«ЕАЭО құру туралы Келісімге қол қою рәсімінің Астанада өтуінің өзіндік сиволы бар. Өйткені бірінші болып Еуразиялық интеграция бастамасын ұсынған ҚР Президенті екені бәріміздің есімізде. Осыдан жиырма жыл бұрын Н.Әбішұлы ММУ-де осы ойды ортаға тастаған еді», - деді РФ Президенті.

Оның айтуынша, ҚР елордасында аталмыш шараның ұйымдастырылуы тегін емес. Өйткені Астана қаласы еуразиялық интеграцияның негізі іспеттес. 

Айта кетейік, бүгін Астанада үш елдің мемлекет басшылары – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин және Беларусь Президенті Александр Лукашенконың деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы  өтуде.

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика