Евразиялық одақ

ЕАЭО қатысушы мемлекеттердің дамуына серпін береді – Н.Назарбаев

ЕАЭО құрылуы мүше мемлекеттердің дамуына серпін береді және экономиканың жаңғыруына жол ашады, деп бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев Мемлекет басшылары деңгейінде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық Экономикалық Кеңестің отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 12:39

«Вице-премьерлер  мен лауазымды тұлғалардың қатысуымен дайындалған  Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге бүгін салтанатты түрде қол қойылады. Аталмыш келісімге қол қою мүше мемлекеттердің дамуына серпін береді және экономиканың жаңғыруына жол ашады», - дейді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, одақты құра отырып тараптар халықтың әлеуметтік деңгейі мен экономикалық  дамуына мүмкіндік алады.

Тоқтала кететін жайт, шағын құрамдағы кездесуден соң Кеңес жұмысы кеңейтілген құраммен жалғасатыны күтілуде. Үш мемлекет басшыларынан бөлек, бақылаушы-мемлекеттер басшылары  3+2 форматындағы шараға Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян мен Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев қатысатын болады. 

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшыларының деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Аталған одақ туралы келісім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика