Евразиялық одақ

Үш елдің ірі индустриалды орталықтары көші-қон ағымының магниті болуы мүмкін (ВИДЕО)

Бұл жөнінде Израиль Абсорбация министрлігінің бас ғалымы З.Ханин мәлім етті.
Астана қаласы 29 Мамыр, 12:13

«Адамдар тұрмысы төмен елден тұрмысы жоғары елге көшетінін әлемдік тәжірибе көрсетті. Егер ресми кедергілер болмаса тезірек жүзеге асады. Мәселен, кедендік, шекаралық, заңдық т.б. кедергілер. Сондықтан, үш елдің ірі индустриалды орталықтары көші-қон ағымына магнит болуы мүмкін. Әсіресе бұл қолайлы, заңнамалық және ұйымдастырушы қызметте болса», - деп қосты ол.

Оның айтуынша, Израилде 70-90 жылдары көші-қонның кетуі байқалған, ал 2000 жылдары келген халықтың айтарлықтай өскені байқалған. Изрилдің Еуропамен әріптестік тәжірибесі кедергілер аз болған сайын көші-қон ағымының өсіп, қалыптасатынын көрсеткен.

Израилден 70-80-90 жылдары білікті мамандар АҚШ, Еуропа, Мәскеуге көп кеткен. Мәскеуде 20 мыңдай израилдіктер тұрады. Ал, 2008 жылдан бастап израилдіктердің оның ішінде дәрігерлер, ғалымдар, зерттеушілер қайтіп оралуда. Олардың арттарынан шетел мамандары да келіп жатыр.

«Сондай-ақ, көші-қон ағымы біржақты жол емес, елден шыққан халықтың орнына қайтіп келетіндер болуы мүмкін. Сондықтан, қосылу процессі орталыққа ғана емес, шалғай аймақтарға да мүмкіндік тудырады», - деді Ханин





Яндекс.Метрика