Евразиялық одақ

Үш ірі держава арасындағы интеграциялық үрдіс бізді қызықтырады – З.Ханин

Үш ірі державалар арасындағы интеграциялық процесс бізді қызықтырады және ол пайдалы, деп бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ «Интеграциялық процесстер» тақырыбымен өткен көшпелі брифингінде израилдік ғалым Зеэв Ханин мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 11:44

«Израилдің өзге мелекеттермен экономикалық, дипломатиялық және саяси ынтымақтастықты орнатуда тәжірибесі мол.  Үш ірі державалар арасындағы интеграциялық процес бізді қызықтырады және ол пайдалы. Егер, біздің қиын аймақта орналасқанымызде есепке алатын болсақ, біздің ел ірі халықаралық ұйымдармен, экономикасы мықты елдермен ынтымақтастық орнатуда тәжірибелі. Соңғы жылдары Израил жоғарытехнологиялар нарығына шығуда», - деп  З. Ханин ағынан жарылды.

Сонымен қатар ол, Еуроазиялық аймақ Израил халқы үшін ұлттық этностың бір бөлігі, деп атап өтті.

«Еуроазиялық өңір – біз үшін тек ірі мемекеттер тобы ғана емес, сонымен қатар, ұлттық этносымыздың бір бөлігі. Онда біздің қандастарымыз тұрады», - деді ол.

Оның үстіне,  З. Ханин, Израилдің өзге ұйымдармен ынтымақтастығын тілге тиек етті.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика