Евразиялық одақ

Қазақстанның экономикалық интеграция алаңына айналғаны үлкен әсер берді - З.Ханин

Қазақстан экономикалық интеграцияның алаңына айналғаны таң қалдырады, деп ОКҚ-нің көшпелі брифингінде Израиль елінің абсорбация министрлігінің бас ғалымы Зеэв Ханин мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 11:36

«Соңғы кезде екі ел арасындағы тауар айналымы 2 есе артқан, мұны құптамауға болмайды»,- деді З.Ханин.

Оның айтуынша, бұл тауар айналымы тек қана Израилдің энерготасымалдаушыны сатып алуына және жаңа экономиканың басқа да салаларына байланысты.

«Израиль қазақстандық энерготасымалдаушының зор тұтынушысы екені аян. Сондай-ақ, медициналық технология, биотехнология, хайтек, электроника, ақпараттық технологияның жаңа буыны да біз үшін өте маңызды», -деді З.Ханин.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика