Евразиялық одақ

ЕАЭО-ның құрылуы қоғамды біріктіреді – Н.Ерімбетов

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы қоғамды біріктіреді, өйткені нәтижесінде бәсекелестік артып, кәсіпкерліктің араласуына жол ашылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің көшпелі брифингінде «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТҰ Президенті Нұрлан Ерімбетов.
Астана қаласы29 Мамыр , 11:25

«Бүгінгі таңда біз бәсекелестікке қалай төтеп бере аламыз, даму жолымызды қалай құруымыз керек деген сауалдарға күні бүгін құрылғалы отырған Еуразиялық экономикалық одақтың жауап беретіні рас. Біздің білім беру жүйеміздің алған бағыты қандай, әлеуметтік және экономикалық саланың еліміздегі қарқыны қаншалықты дегенде біз интеграция мәселесінен айналып өте алмаймыз. Осы тұрғыда мемлекеттер арасындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға қоғамның бірігуіне мүмкіндік беретін интеграцияның берері мол», - дейді Н.Ерімбетов.

Оның айтуынша, прагматизм негізінде ЕАЭО құрылуы мен оның алдағы уақытта қарқынды дамуына өзіндік үлесімізді қосуымыз қажет.

«Сонымен қатар, салық салу мен өзге де экономикалық қатынастарды реттеуді былай қойғанда азаматтық қатынастар мен қоғамның дамуында мемлекеттер интеграциясының оң өзгеріс әкелетінін бүгінгі таңда әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы қоғамды біріктіреді, өйткені нәтижесінде бәсекелестік артып, кәсіпкерліктің араласуына жол ашылады»,- дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Жоғары Еуразиялық Экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Онда Қазақстан, Ресей мен Беларусь ел басшылары ЕАЭО құру туралы Келісімге қол қоймақ. 

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика