Евразиялық одақ

ШОБ үшін барлық жағдай жасалады – Ж. Құсманғалиева

ШОБ үшін барлық жағдай жасалады. Бұл туралы ОКҚ-нің көшпелі отырысында Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 11:14

« Біз бәсекелестігі мол нарыққа шыққанда  біздің тауар өндірушілер өз ішінде сайысқа түседі, себебі олар шыққан өнім сапасына күресулері керек. Біз солардың ішінен бағасы төмен және сапалы өнімді іріктеп аламыз. Нарықтағы бәсекелестік бізге шығарау мен импорт тауарының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Келісімге қол қойылғаннан кейінгі шағын және орта кәсіпкерліктің болашағына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Шымкенентте шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерімен кездесу өткізгені белгілі. Сонда ол елімізде аталмыш салаға барлық жағдайдың жасалғанын айта келіп, Ресей мен Беларусь нарығына шығуға мүмкіндігіміздің бар екенін мәлімдеген еді», - дейді Ж.Құсманғалиева.

Оның айтуынша, банктік салада кәсіпкерлерге арналған несиелер де қарастырылған.

«Банктік салада көптеген несие түрлеріне жол ашылды. Біздің кәсіпкерлер Ресей мен Беларусь нарығына еркін шығып бұл елдердің мемлекеттік сатып алуларына да қатысуға мүмкіндіктері бар», - дейді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика