Евразиялық одақ

ҰКП ЕАЭО туралы Келісім жобасына толық қанағаттанады – Р.Ошақбаев

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім жобасына толық қанағаттанады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің көшпелі брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев.
Астана қаласы29 Мамыр , 10:50

«Еуразиялық экономикалық одақ» туралы Келісімнің жобасы Бірыңғай экономикалық кеңістік, Кеден одағы аясындағы келісімдерге негізделгені белгілі. Ондағы мақсат мемлекеттер арасында еркін сауда, тауар, капитал мен жұмыс күшінің айналымына мүмкіндік беру. Аталмыш келісім бұрындары да үш ел арасында қол жеткізген келіссөздердің жетілдірілген түрі екені анық. Соның ішінде өнеркәсіптік саясат белсенді түрде жүзеге асырылып келеді», - дейді ол.

Оның айтуынша, бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев бастаған комиссия тобы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім жобасында Қазақстан экономикасының ұлттық мүддесін сақтауда мемлекеттік мүддені сақтап қала алды.

«2010 жылы құрылған мемлекетаралық 17 базалық келісімдер Еуразиялық экономикалық одақ» туралы Келісімнің негізін құрап отыр. Енді бүгінгі қол қойылайын деп отырған келісімнің күшіне енгеннен кейін аталмыш 17 базалық келісім өз күшін жояды», - деді ол.

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім жобасына толықтай қанағаттанады. Кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО келісімін дайындауға қазақстандық тараптан қатысқан топтың жұмысына алғыс білдіреді», деп түйіндеді өз сөзін ҰКП төрағасы. 

Бауыржан Мұқанов




Яндекс.Метрика