Евразиялық одақ

ЕАЭО өңірлік интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастық жүргізуге мүдделі - Ж.Құсманғалиева

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың еуразияық жобасы аймақтық интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастықты көздейді, деп брифинг барысында Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева мәлім етті.
Астана қаласы29 Мамыр , 10:41

«Бүгінде әлемде 200-ге жуық интеграциялық бірлестіктер бар. Айта кетерлік жайт, бұл экономикалық қажеттілік. Үлкен нарықтар үлкен, әрі тұрақты өсімді көрсетуде», -  деді сөз басында Ж. Құсманғалиева.

Бұдан басқа оның айтуынша, жоғарытехнологиялар өнірісін дамыту инвстиция салу үшін тартымды үлкен нарықты қажет етеді.

«Сондықтанда 40-қа жуық мемлекеттің еркін сауда аймағы - Кедендік одаққа қосылуға ниет білдіріп отырғанын атап өткен жөн. Олардың ішінде Түркия, Үндістан, Жаңазеландия, Вьетнам және өзгеде елдер бар», - деп ол ағынан жарылды.

Интитут деректорының сөзіне сенсек, бүгінде бүтін бір блоктармен, атап айтатын болсақ Еуропалық Одақ және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен байланыс орнатылуда.

«Ол олма, еркін сауда  айналымына жағдай жасау мақсатында ЕАЭО бірлесіп жұмыс  істеуге Оңтүстік Американың ірі интеграциялық бірлестігі  «Меркосурда» қызығушылық танытуда.  Ал, Елбасы Нұрсұлтан ШНазарбавтың жобасы ашық жоба болғандықтан бұл қуантарлық жағдай», - деп  Ж. Құсманғалиева баса айтты.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика