Евразиялық одақ

ЕАЭО-ның негізгі қағидасы – ұлттық мүдденің ескерілуі – Р.Ошақбаев (Брифинг бейнебаяны)

ЕАЭО - халықаралық мүдделердің сақталуы, өзара тиімді ынтымақтастық, тараптардың ұлттық мүдделерінің сақталуы мен нарықтың экономика негізінде әділ бәсекелестікті қаматамсыз ету, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ көшпелі брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев.
Астана қаласы 29 Мамыр, 12:05

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімді жасақтау барысында Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы нормативті-құқықтық база жақсартылды. Атап айтатын болсақ, өндіріс бойынша келісім жобасында ұлттық өнеркәсіптік саясатты жүргізу белгіленді. Сонымен қатар, біз алдын-ала комисмиямен келіспей өзімізге тән субсидиялауларды жүргізуге қол жеткіздік. Демек, біз ұлттық субсидиялау саясатын жүргізе аламыз. Бұған дейін біз 2017 жылдан бастап өзімізге тән субсидиялауды келісуіміз керек болатын», - деді Рахым Ошақбаев.

Оның айтуынша, бұл сала өте даулы болған. Алайда мамандар каботажды тасымалдауға шектеулерді алып тастау шартын бекітіп, ерекше тарифтерді бекіту қайта ұлттық деңгейде шешілетін болып келісті.

«Энергетика саласында кезең-кезеңімен ортақ электр энергетикасының нарығын қалыптастырылатын болды. Мұндай өзгерістер мұнай, мұнай өнімдері мен газ нарықтарында да жүргізіледі. Біздің есептеумізше бұл өзгерістер энергетикалық инфрақұрылдымдарға қолжетімділікті арттыратын болады», - деді.

«Техникалық реттеу саласында үлкен жетістікке қол жеткізілді. Дәлірек айтсақ, үш мемлекетке бірдей ортақ техникалық реттеумен бірге міндетті ұлттық техникалық реттеу шартын бекіту мүмкіндігін алдық. Бұл бізге өзіміздің ерекшеліктерімізді ескеруге мүмкіндік береді. Келісімнен құрылыс және жобалау шарттары бірыңғай ортақ болмайтын болды. Олар ұлттық техникалық реттеу деңгейінде шешіледі», - деді Р.Ошақбаев.

Бауыржан Мұқанов





Яндекс.Метрика