Парламент

Саранда А. Базарбаев темірбетонды бұйымдар шығаратын зауыттың құрылысымен танысты (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқар Базарбаев аймақтарға кезекті іс-сапар бойынша «Моноқалаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде Қарағанды облысындағы Саран және Шахтинскі қалаларында болды.
Қарағанды06 Тамыз , 00:00

«Моноқала проблемасы – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігінің шоғырландырылуы, ол өзіндік ерекше Қарағанды облысында және облыс орталығының маңында орналасқан көптеген серік-қалаларда кездеседі», - делінген хабарламада.

«Нұр Отан» партиясы мен оның Мәжілістегі фракциясы және барлық деңгейдегі мәслихаттар экономикалық және әлеуметтік саладағы өзекті мәселерді шешу жолында бірлесіп партиялық кураторлық форматпен жұмыс жасауда. Мәжіліс депутаты Асқар Базарбаев «Моноқалаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» бойынша куратор болып табылады.

Депутат Сарандағы арнайы мақсаттағы тоқыма өндіретін «Геополимер» ЖШС (100 адамды еңбекпен қамтымақ) мен темірбетонды бұйымдар шығаратын «ККК Бетон» ЖШС зауытында және Шахтинскіде қайта өңдеу жүргізіліп жатқан синтетикалық жуу құралдарын шығаратын 60 адамдық жұмыс орны болатын «Монета Дитерджентс» ЖШС зауытында жұмысшылармен жүздесіп, атқарылып жатқан істермен танысты.

Шахтинскідегі синтетикалық жуу құралдарын шығаратын зауытта болғанында Мәжіліс депутаты Асқар Базарбаев: 

Моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты бағыты – экономиканы әртараптандыру (диверсификациялау) мен шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Осы үшін, «якорлық» деп аталатын жоба жүзеге асырылмақшы.

Осындай «якорлық» жобалар тек қана қайта құралған кәсіпорындар ғана емес, қалпына келтірілген кәсіпорындар да болуы мүмкін.

Мысалға - осы Шахтинскінің синтетикалық жуу құралдары зауытын қалпына келтіруге болады. Бұл үшін инвестор табуымыз керек. Бұл сұрақты жергілікті органдар облыстық және республикалық органдармен бірлесе шешіп жатыр.

Жобаларды іске асыру қалай жүріп жатыр, қандай өзекті мәселе бар анықтап, министрліктер мен ведомстволарға ұсыныстар әзірлейміз. Осының барлығы Елбасының тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған»,- деп атп өтті. Жоба әлемдік стандарттарға сай келетін жаңа өнім түрін шығаруды қолға алады. Бұл сапалы кір жуу ұнтағымен ішкі рынокты ғана қамтамасыз етіп қана қоймайды, Орталық Азия, Монғолия және Кавказ елдерінің де рыногын толтыратын болады деп үміттенуде.




Яндекс.Метрика