Ең төменгі әлеуметтік стандарт

Елдегі ең арзан азық-түлік БҚО-да

Қазақстанда азық-түлік тауарларына ең төменгі баға сақтай алған өңірлер арасында Батыс Қазақстан облысы бірінші орында, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан23 Тамыз , 00:00

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, азық-түлік тауарларына деген баға өсімі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,7%-ды құрады. 

«Облыста Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда, бірінші сұрыпты бидай ұнының, қара бидай мен ақ бидай нанының, жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанның, вермешель, кеспелер мен түтік кеспелердің, қой, жылқы мен тауық еттерінің, тауықтың сан етінің, жаңа ауланған және мұздатылған балықтың, қырыққабаттың, ашытқылар мен қақталған өріктің, банан мен апельсиннің бағасы төменгі деңгейде сақталған», - деп хабарлады БҚО әкімінің баспасөз қызметінен. 
Инфляцияның жалпы көлемі 105,0% деңгейінде қалыптасты (республикалық көрсеткіш – 102,7%).
«Инфляцияның өсуіне негізінен ақылы қызметтердің 15,1%-ға артуы, атап айтқанда, ағымдағы жылдың басында коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауы себеп болды. Оның өсуі 2013 жылдың басына дейін жарамды болған тариф бағасы коммуналдық қызметтің таза құнын жаппауымен және газ бағасының қымбаттауымен байланысты. Осы тұрғыда атап өтетін жайт, коммуналдық қызметтердің негізгі түрлерінің тариф бағасы соңғы 6 жыл бойы қымбаттамай келген», - деп мәлім етті БҚО баспасөз қызметі. 




Яндекс.Метрика