Евразиялық одақ

ЕАЭО алға ұмтылуға тың серпін береді - Б.Хатчитсон (ВИДЕО)

ЕАЭО Қазақстан үшін жаңа технологияларға жол ашады, деп «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында «Ernst & Young» «ақылды қалаларды» Дамыту орталығының атқарушы директоры Билл Хатчитсон ағынан жарылды.
Астана қаласы 29 Мамыр, 14:56

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қол қою Қазақстан Республикасы Президентінің ерең еңбегі. Себебі, осыдан 20 жыл бұрын Ресейде ол өзінің ұсынысын беріп, оны жүзеге асыру мақсатында жемісті еңбек етті. Бұл өте маңызды одақ болмақ. Ол аймақтық нарық және аймақтық экономикалық нарықпен тікелей байланысты. Әр аймақтың өз пайдасы бар, сондықтанда ол тиімді», - деді сөз басында Б. Хатчитсон.

Сонымен қатар ол, ЕАЭО Қазақстанға жаңа алдыңғы қатарлы технологияларға, одақтас мемлекеттермен үздік технологиялармен алмасуға жол ашады, деп атап өтті.

«ЕАЭО Қазақстанға заманауи жаңа технологияларға жол ашады. Қазіргі таңда Ресейдің Мәскеу мен Қазан қалаларында «Ақылды қалалар» жобасы жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама шеңберінде қатысушылар технологиямен алмасуға бірегей мүмкіндік туады. Осы ретте әлем қауымдастығы Қазақстанның қаншалықты маңызды және инновациялық мемлекет ретінде қалыптасып жатқанына көз жеткізеді. Себебі,  ЕАЭО  мемлекетке алға ұмтылуда тың серпіліс береді», - деп ол баса айтты.

Сондай-ақ Билл Хатчитсон, ЕАЭО Қазақстанға өзінің инновациялары туралы жариялауға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

«Бұл өте маңызды одақ, оның игілігі өте зор. Сондықтан да мен Қазақстан Республикасының Президентін осыдан 20 жыл бұрын ойластырған идеясын шынайы өмірге алып келуімен құттықтаймын», - деп ол өз ойын түйді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика