Евразиялық одақ

ЕАЭО әр азаматтың экономикалық жағдайына оңтайлы әсер етеді - Д.Кирошка (ВИДЕО)

ЕАЭО әр азаматтың экономикалық жағдайына оңтайлы әсер етеді. Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында «Turcu&Turcu» заң фирмасының өкілі Дариан Кирошка мәлім етті.
Астана қаласы 29 Мамыр, 17:24

«ЕАЭО-ға  халықтың көзқарасы жақсы болады деген ойдамыз. Себебі, олар өзге мелекеттерде өндіріліп жатқан тауарларды төмен бағамен сатып алатын болады. Осы ретте ЕАЭО одаққа мүше мемлекеттердің әр азаматының экономикалық жағдайына оңтайлы әсер етеді», - деп Д. Кирошка ағынан жарылды.

Оның айтуынша, экономикалық тұрғыдан алып қарағанда ЕАЭО туралы Келісімге қол қойған үш мемлекетті біріктіреді.

«Құжатқа қол қою экономикалық тұрғыдан алып қарағанда Қазақстан, Ресей мен Белоруссия мемлекеттерін біріктіреді. Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтердің еркін айналымына жағдай жасайды», - деді ол.

Бұдан басқа Д. Кирошка,  келісім бірінші кезекте кедендік процедураларды жеңілдетеді деп атап өтті.

«Аталмыш келісім кедендік процедураларды жеңілдетіп, тауарлардың айналымына қатысты проблемеларды шешеді және саудаға қатысты барлық кедергілерді алып тастайды. Осы  сәттен бастап халықтың әл-аухаты жақсарады», - деп Д. Кирошка қорытты.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика