Евразиялық одақ

А. Мұсаханов: Евразиялық Экономикалық одақ туралы келісімге қол қою - тарихи жағдай

Евразиялық Экономикалық одақ туралы үшжақты келісімге қол қою - тарихи жағдай, деп Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Алматы29 Мамыр , 10:04

Ол атап өткендей, Евразиялық экономикалық одақ ел экономикасының  тұрақты дамуына, тауарлардың, капитал мен еңбек ресурстарының еркін қозғалысына мүмкіндік береді.  

«Бұл интеграциялық бірлестік бізге болашақта көліктік-логистикалық қызметтегі халықаралық оператор ретіндегі аймақ ұстанымы негізінде көліктік инфрақұрылым мен транзиттік әлеуетті дамытуда зор мүмкіндіктер береді деп есептейміз. Өңір аумағында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трансұлттық  жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Алматы-Қорғас»  учаскесінде халықаралық көлік дәлізі дамытылуда. Панфилов ауданында «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы іске кірісті, «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы құрылуда», - деді ол.

«Евразиялық Экономикалық одақ бәсекеге қабілеттілік деңгейін  арттырып, экономикалық тұрақтылыққа, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететініне сенімдіміз», - деді ол.   

 




Яндекс.Метрика