Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ә.Байменов: «А» корпусына өтпеген үміткерлер «Б» корпусының лауазымына қатыса алады

«А» корпусына өтпеген үміткерлер «Б» корпусының лауазымына қатыса алады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Байменов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Астана қаласы28 Мамыр , 17:46

Мемлекет басшысы тапсырмасына сай «А» корпусының кадрлық резервіне кезекті іріктеу өткізілді. Айта кету керек, іріктеуден өтпегенімен қойылатын талаптарға жеткілікті деңгейде жауап беретін кейбір үміткерлерді Ұлттық комиссия өңірлік деңгейдегі «Б» корпусының жетекшілік лауазымдарының іріктеу сынына қатыстыруды ұсынып отыр.

«Биыл кадрлық резервке 149 үміткер тіркеліп, солардың ішінде тәжірибесі жетпегенімен өзге талаптарға сай келетін үміткерлер «Б» корпусының лауазымдарына өтініш бере алады.  Жалпы, Ұлттық комиссияның әлеуметтік баспалдақ дайындағанына куә болып отырмыз. Бұрындары комиссияның назарына ұшырамаған қала мен аудан әкімдері қызметіндегі кадрлар биыл резервке түседі», - дейді Ә.Бәйменов.

Осылайша қазіргі таңда 533 қызметке 553 адам резервте тұр. «Біздің пікірімізше, бұл қалыпты жағдай. Олар өз кезегінде жеткілікті болуы керек».

Сонымен қатар, ұлттық комиссия үміткерлерді бағалаудың барлық құралдары мен процедуралары үздік халықаралық тәжірибе мен алынған тәжірибе негізінде жетілдірілетін болады.

«Аталмыш жұмыстар 2015 жылдан бастап қолға алынады», - дейді ол. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика