Инфрақұрылымның дамуы

Щучьеде 100 га жерге гольф-клуб салынады

Щучье қаласында салынып жатқан гольф-клубтың құрылысы 2015 жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы әлеуметтік бағдарламалар бойынша серіктестердің кездесуінде «Алматы-Строй-Контракт» ЖШС құрылтайшысы Сәбит Төлегенов хабарлады.
Астана қаласы28 Мамыр , 17:36

«Біз жобаның бас мердігеріміз. Тапсырыс беруші - «ҚазТрансОйл - Сервис» АҚ. Осы жылдың басынан бастап гольф-клуб пен төрт жұлдызды қонақ үйді салып жатырмыз. Бұл жоба Щучье қаласында жүзеге асырылуда. Оның құрылысы 2015 жылдың соңында аяқталады», - деді сөз басында С.Төлегенов.

Гольф-клубтың аумағы - 103 га, онда «Чемпионат» санатындағы 18 гольф алаңқайы болады. Клуб аумағында қонақ үй кешені, жабық теннис залы, жағажай, су көлігі тұратын пирс, аквапарк пен өзге де нысандар салынады.

«Гольф-клубты жобалауға Оңтүстік Кореялық, ал төрт жұлдызды қонақ үйді жобалауға француз компаниясы тартылып отыр. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін 400-ге жуық жұмыс орны ашылады, ал оның құны алдын ала болжам бойынша 19,6 млрд. теңгеге бағалануда», - деп ол қорытты.




Яндекс.Метрика