Евразиялық одақ

Ақтөбе облысында Ресей мен Беларусь елінің бірлескен 250 кәсіпорны жұмыс істеуде – А.Мұхамбетов

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ресей мен Беларусь өңірлерімен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту туралы айтты.
Ақтөбе29 Мамыр , 09:43

«Өңірлер кәсіпкерліктерінің кооперацияаралық тікелей байланысы нығайып келеді, бұл өз кезегінде капиталдың өзара ағысына мүмкіндік береді. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы Ресей мен Беларусь капиталының қатысуымен кәсіпкерліктер құруға жол ашты. Бүгінгі таңда олардың саны 1,5 есеге артты», - дейді өңір басшысы.

А.Мұхамбетовтың айтуынша, облыста 2012-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекаралық және өңіраралық ынтымақтастық бағдарламасы мен 2009-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар жоспары белсенді атқарылуда.

Облыс әкімінің айтуынша, Кедендік одақ елдерімен өзара сауда қарқынды өріс алып келеді. 2013 жылы тауар айналымы 1,49 млрд долларды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 109,9%-ға артқан.

«ЕАЭО артықшылығы мен оның алып келер мүмкіндіктері қатысушы мемлекеттердің географиялық орналасуымен, терең экономикалық байланысымен және мәдени байланысымен тікелей байланысты», - дейді ол.




Яндекс.Метрика