Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

«А» корпусына 149 кандидат ұсынылды – Ә. Байменов (Брифинг бейнебаяны)

«А» корпусына кадр резервіне 149 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Байменов мәлімдеді.
Астана қаласы 28 Мамыр, 17:22

«Кадр саясаты жөнiндегi ұлттық комиссияның «А» корпусына кезектi iрiктеу отырысы өтiп, Елбасының тапсырмасына сәйкес бiздiң тарихымызда екiншi рет «А» корпусына кадр резервiне iрiктеу жүргiзiлді. Биыл барлығы 1029 өтiнiш берiлдi, оның 73%-ы қазiргi мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтар. Маңыздысы оның iшiнде 44%-ы жергiлiктi атқарушы органдарда жұмыс жасап жүргендер, 27%-ы мемлекеттiк қызметте жұмыс істемеген кандитаттар. Үмiткерлердiң 12,5%-дан астамы әйел адамдар», - дейдi Ә.Байменов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы тестілеу Мемлекет басшысының 17 қазанда мемқызметшілермен кездесу барысында берілген тапсырмалары бойынша жетілдірілді.

Сондай-ақ,  құжаттарды қарау қорытындысы бойынша 800-ге жуық азамат бiлiктiлiк талабына сай келген. Тестiлеуге 746 кандидат қатысып, 365 кандидат, яғни 49%-ы шектiк мәндi игерiп, ары қарай келесi әңгiмелесу кезеңiне жiберiлген.

«Аудан әкімдеріне үміткерлерге арналған заң 10-нан 8-ге дейін қысқарды, ривизиялық комиссия үшін қосымша бюджет кодексі қосылды», - деді ол.

Сондай-ақ, халықаралық консалтингтік топтардың дайындаған басқармашылық және жеке біліктілігін тексеру бойынша тестілеу қолданылды.

«Қорытындысында ұлттық комиссияның мүшелері әңгімелесу барысында тестілеу қорытындысына ғана емес, әрбір үміткердің 4 бағыты бойынша ақпрат болды», - деді ол. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика