EXPO-2017

«Жасыл орам» құрылысы ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін аяқталады

«Жасыл орам» жобасы 2017 жылғы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дейін аяқталады. Бұл туралы бүгін «СК Девелопмент» ЖШС бас директоры Нұрдәулет Тұрлыбеков Мемлекет басшысы тапсырмасымен іске асырылып жатқан әлеуметтік сала жобалары бойынша әріптестерімен кездесу барысында мәлімдеді.
Астана қаласы28 Мамыр , 17:13

«ЭКСПО-2017 аясында «Жасыл орам» жобасы қолға алынады. Бұл ТМД көлемінде теңдессіз жалғыз жоба. LEED алтын стандарты бойынша сертификатталатын жоба жаңартылмалы қуат көздері, материалдар, эко шаруашылық пайдаланылады. Жоба 2017 жылғы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылыған көрмесіне дейін аяқталады», - дейді ол.

Айта кету керек, «Жасыл орам» жобасы «СК Девелопмент» ЖШС мен BI Group холдингі тарапынан жүзеге асырылады. Оған 44 млрд теңге көлеміндегі қаражат Ұлттық қордың дағдарысқа қарсы қаражатынан бөлінеді. Сонымен қатар, тұжырымдама британдық AEDAS компаниясы тарпынан дайындалған. Жобаны іске асыру үшін «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығы маңайындағы 20,5 гектар жер телімі бөлінбек. Жоба аясында тұрғын үй және әкімшілік ғимараттар салып, паркингтік жерлер мен сауда-сауықтыру және әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтермек.

Н.Турлыбековтың пікірінше, жоба аяқталғаннан кейін ұзақмерзімді ипотекалар беріліп, коммерциялық тартымдылығын арттыруға күш салынбақ. «Жобаны аяқтағаннан кейін біз энергоүнемдегіш үйлер салуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.

Жоба Жасыл Құрылыс бойынша Америкалық Кеңестің LEED стандартымен сертификатталып, аудандардың экологиялық қауіпсіздігіне, тиімді су жүйесі, ғимараттардағы қуат шығынын оңтайландыру мен құрылыс кезіндегі ауа сапасын бақылауды күшейтуге үлес қоспақ.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында «Жасыл орам» жобасын дайындау тапсырмасы 2013 жылдың 23 қаңтарындағы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиында елорда әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-на берілген болатын. 




Яндекс.Метрика