Өңірлер

«Болашақ үшін еске сақтау» форумында алашордалықтардың философиясы талқыланады (Брифинг бейнебаяны)

Бүгін ОКҚ өткен брифингте 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Болашақ үшін еске сақтау» жобасы ҚХА ғылыми-сарапшылар кеңесінің хатшысы Наталья Калашникова таныстырды.
Астана қаласы 28 Мамыр, 16:50

«Қарлагтың» аумағы белгіленіп, Қазақстан бойынша 15 бөлімшесі ашылды. Біз осы жерлерде «Болашақ үшін еске сақтау»жобасын іске асыруды ойластырып отырмыз. Биылғы жылы жобаға Семей қаласының өзіндік себебі де жоқ емес. Біз   жалғастыра отырып тағы да екі дүниеге халықтың назарын аударуды мақсат еттік. Біріншісі - алашордалықтардың терең философиясы. Бұл жағынан Шығыс Қазақстанның тарихтағы алар орны орасан», - дейді ол.

Жоба аясында талқыланатын екінші бағыт - Шәкәрім атындағы Мемлекеттік  университет базасында ашаршылық жылдары тақырыпқа арқау болмақ.

«Сонымен қатар, ғылыми сарапшылар қауымдастығында тірі қалу үшін  Қазақстаннан жаппай кету тақырыбы да бастылардың бірі», - деп Наталья Калашникова атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік,  2010 жылы ҚХА «Болашақ үшін еске сақтау»  бірегей жобасын ұсынды. Ал, биыл  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Семейде әлемнің жетекші сарапшыларының қатысуымен «Болашақ үшін еске сақтау» халықаралық форумы өтеді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика