Өңірлер

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы шамамен 15 монография жарық көрді

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы шамамен 15 монография жарыққа шықты, деп мәлімдеді бүгін Қарағанды облысы мәслихатының хатшысы Нұрлан Дулатбеков ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Астана қаласы28 Мамыр , 16:34

 "Саяси қуғын-сүргiн тақырыбы өзiнiң өзектiлiгiн жоймайды. Демократиялық мемлекеттi қалыптастыру үшiн тарихқа көз жүгiртiп, өмiрiмiздегi ақтаңдақтар мен "әттеген-айларды" қарап отыруымыз керек. Қазақстан посткеңестiк елдердiң iшiнде Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi бекiтiлдi. Бiз өз жұмысымызды алғашында өз бастамаларымызбен жүргiзсек, соңғы 5-6 жылдары ҚХА бiрлесiп жүргiзiп отырмыз. Бiз соңғы он жылдың iшiнде 15-ке жуық монография, Карлагқа және нәубет жылдарына арналған бiршама ғылыми еңбектер жарық көрдi", - дедi Н.Дулатбеков. 

Нұрлан Орынбасарұлы бүгiнде алыс және жақын шет елдермен бiрлесiп бiрнеше жобалардың жүзеге асырылып жатқандығын жеткiздi. өз сөзiнде ол барлық еңбектер тарихи деректер негiзiнде жазылғандығын айтып өттi.

Айта кетейiк, Нұрлан Дулатбеков бастаған бiр топ ғалымдар тарихымыздың ақтандақ беттерiн ашуды дiттейтiн еңбектер жазып, Карлагқа қатысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргiзiп келедi.




Дерекнама

Яндекс.Метрика