Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Индустриалды аймаққа енетін кандидат кәсіпорындар экологиялық нормаларға сай болулары тиіс – А.Есімов

Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен Алатау ауданындағы Индустриалды аймаққа енетін инвестициялық жобаларды іріктеу бойынша жиын өтті.
Алматы қаласы28 Мамыр , 16:21

Құрылыс, тамақ өнеркәсібі және машина жасау салалары бойынша бірқатар жобалар талқыланды, деп Алматы  әкімдігінде  хабарлады.

Қала басшысы өтініш берген компаниялардың терең экологиялық сараптамалардан өтулері қажет екендігін айрықша атады. Әкім өз сөзінде экспортқа шығатын өнімдер мен импорттық тауарлар қала тұрғындарының экологиялық жағдайларынан жоғары тұрмағаны жөн деп қатаң ескертті.

«Қазіргі кезде Индустриалды аймақтан орын алуға қызығушылар қатары молая түсуде әрі олардың жеке қаржылары да жетерлік. Бірақ біз әрбір жобаның экологиялық әсері болатындығын да естен шығармауға тиіспіз. Кәсіпорын барынша экономикалық рентабельді болғанымен, біз оларды қоршаған ортаға тигізер әсерінің деңгейімен бағалауға тиіспіз», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы орталықтағы ірі кәсіпорындарды Индустриалды аймаққа көшірудің де маңызды екендігін жеткізді. Бұл көліктік және экологиялық басымдылықты азайтар еді. Алматы әкімі жұмысшы тобының мүшелеріне бөлінетін алаң көлемін, жобалардың дер кезінде жүзеге асуын қатаң сараптауды тапсырды.

«Жердің әрбір соткасы үлкен тиімділік әкелуі тиіс. Біз аталған жобалардың жүзеге асуын жіті қадағалайтын боламыз, олар белгіленген мерзімінде орындалуы қажет. Әр құжат мұқият толтырылғаны жөн, егер жобаның орындалуы әлдебір себептерге қатысты ұзаққа созылатын болса, онда бөлінген жер учаскесі тартып алынып, өзге жобаларға берілетін болады», - деді Ахметжан Есімов.

Жиын соңында жалпы сомасы 35 682,7 млн теңге болатын 5 жоба мақұлданды. Егер бұл жобалар жүзеге асса, онда алдын-ала болжаулар бойынша 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

 




Яндекс.Метрика