Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астанада жыл сайын 15 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Бүгін Бейбітшілік және Келісім сарайында алғашқы Астаналық жұмыспен қамту форумы өткізілді.
Астана қаласы28 Мамыр , 19:07

Шара Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының бастамасы мен және елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.

«Біз Кәсіпкерлер палатасының форумды өткізу жөніндегі бастамасын қолдауға қуана келістік. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінде Астанадағы жұмыссыздар саны 24 мыңға жуық. Негізінен олар екі санатқа бөлінеді: жұмыспен қамту қызметтерінде ресми тіркелгендер және бейресми мәліметтер», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева.

Оның атап өтуінше, жұмыссыз жүргендердің нақты санын анықтау өте қиын. Сондай-ақ, ол бүгінгі форумның нәтижесінде жұмыспен қамту және біліктілікті арттырудың проблемалық мәселелерін шешудің жаңа жолдары табылатынына сенім білдірді. Осы мақсатта арнайы топ құрылды. Елордада жыл сайын жұмыс орындарының саны орта есеппен 15 мыңға артып отырады. 

Қала басшысының орынбасары техникалық мамандықтар бойынша кадрлар санын ұлғайту және азаматтарға еңбек етуге қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.

Форум жұмысына 3000 жуық адам қатысты, соның ішінде қалалық кәсіпорындардың қызметкерлері, білім беру мекемелерінің өкілдері, студенттер мен жұмыссыздар.

 




Яндекс.Метрика