Евразиялық одақ

ЕАЭО елдердің егемендігін сыйлауды негізге алады - С.Глазьев (ВИДЕО)

ЕАЭО аясындағы интеграция ЕО салыстырғанда жан-жақты қамтымайды, деп «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Сергей Глазьев сендірді.
Астана қаласы 29 Мамыр, 15:23

«Осы жылдар аралығында интеграция процессі мен Еуразиялық экономикалық одақты құру табысты өтті. Үш жылдың ішінде жылдам КО құрылды.  Әрине, мұнда нақты міндет пен мақсатты қоя білген Елбасшыларының саяси қалауы әсер еткені жасырын емес», - деді сөз басында Сергей Глазьев.

Ол атап өткендей, байланыстардың көптігі экономикалық интегарцияның негізі. «Кедендік кедергілерді алып тастау оң әсерін берді, бір жылдың ішінде сауда саттық 40% артты», - деп РФ Президентінің Кеңесшісі  ағынан жарылды.

«Бастысы жеткен жетістікке тоқмейілсімей, алға ұмтылу маңызды. Сондықтанда КО кейін БЭК құру шешімі қабылданды. Бұл жұмыс көптеген бағыттар бойынша аяқталып қалды. Демек, ол  интеграциялық тереңдеуді білдіреді. Яғни ЕАЭО құру тұрақты басқару жүйесімен және тексерістен өткен технологиямен жүзеге асырылады», - деп ол толықтырды.

«Менің ойымша, интеграция одан әрі тереңдей береді. Бүгіннің өзінде Армения мен Қырғызстан қосылуға ниет білдіруде. Интеграция  мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экономикалық қуаттылық пен мүмкіндіктердің артуына алып келеді», - деп есептейді С.Глазьев.

Камила Амирова





Дерекнама

Яндекс.Метрика