Ұлтаралық бірлік

Семейде «Болашақ үшін еске сақтау» халықаралық форумы өтеді

2014 жылы «Болашақ үшін еске сақтау» жобасы аясындағы шаралар Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында өтеді. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiндегі брифинг барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесiнiң хатшысы Наталья Калашникова мәлімдеді.
Астана қаласы28 Мамыр , 15:44

 «2010 жылы ҚХА «Болашақ үшін еске сақтау» атты жобаны қолға алды, биыл Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні қарсаңында Семей қаласында халықаралық сарапшылардың қатысуымен халықаралық форумы өтеді», - дейді Н.Калашникова.

Оның айтуынша, 2010 жылы Ассамблея посткеңестік кеңістікте алғаш рет тарихшылар форумын өткізуді ұйғарды.

«Аталмыш форум Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ұйымдастырылды. Сонда жиналған тарихшылар саяси репрессия құрбандарын есте сақтау мен мемлекеттер тарихында қалыптасқан күрделі кезеңді түсіндіру әдістерін анықтауға күш салды. Шын мәнінде де, 1937-1957 жылдар аралығында Қазақстан жеріне көптеген ұлт өкілдері жер аударылғаны мәлім», - дейді ол.

«Осы жобаны қолға алған уақыттан бастап өңірлерде Ассамблея қолдауымен өткізілетін ғылыми зерттеулердің санын арттырдық. Нәтижесінде бұл біздің тарих ғылымыздың  дамуына серпін беріп, 2010 жылдан бастап аталмыш шараға ондаған мемлекетпен осы тақырыпты зерттеуде байланыс күшейді», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 30-31 мамырында барлық облыстық және орталық мешіттерде, православтық және католик шіркеулерінде саяси сүргін құрбандарын еске алып, рухтарына дұға бағышталмақ.




Яндекс.Метрика