Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Біздің басты құндылық - азаматтық бейбітшілік пен этносаралық келісім - А. Әбуов

«Қазақстан-2050» терминологиялық анықтамалығында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында кездесетін ғылыми, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, саяси және тарихи ережелер мен тезистердің 90 түрі жарияланған. Оның ішінде «Жат ықпалға қарсы тұру иммунитеті» термині де бар.
Астана қаласы28 Мамыр , 19:23

«Азаматтық бейбітшілік пен этносаралық келісім - біздің басты құндылығымымыз бен игілігіміз. Елбасы берген міндеттері жүзеге асыруда бұқара қазақстандық патриотизмге, рухани және азаматты бірлікке сүенуі керек. Тек, осындай жағдай да ғана халық жат ықпалға қарсы тұра алатын болады», - деп бұл турпалы ҚР Дін істері жөніндегі агенттік халықаралық мәдениет және дін орталығының директоры Айдар Әбуоб өз пікірін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, иммунитет  сөзі -  организмнің зиянды әсерлерді немесе бүлдіруші уларды қабылдамау қасиеті. Заманауи әлемде бұл термин медицина, биология салаларында ғана емес, сонымен қатар гуманитарлық ғылымда да пайдаланылады.

«Осы ретте қазақ халқының қоршаған әлеммен қарым қатынасын айта кету керек. Мәселен, исламның енугі және көшпелі түркі елдерінің оны қабылдауы ауыр өткен жоқ. Түркі тілдес елдердің түсінігі арабтармен бірдей болуына орай халық жеңіл қабылдады. Тіпті, ХХ ғасырдағы атеистік және тоталитарық жүйеде қазақ халқы өз құндылығы мен дәстүрінен айырылып қалған жоқ. Бұл ретте, халықтың жат ықпалға қарсы тұру иммунитеті атап өту керек», - деп А. Әбуов ағынан жарылды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өзінің қоғамдық дамуының жаңа кезеңіне көтерілді дейді.

«Қазіргі ақпараттық және телкоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамып келе жатқан заманында мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі мен қоғамдық жүйенің әрбір субъектісінің қорғанысы, соның ішінде қоғамдық пікір тазалығын сақтау, бөтен идеологиялық ағымдардан алшақ болу ақпарат саласында жеке тұлға менқоғамның заңды құқықтарының сақталуын талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда экстремистік және террористік идеяның таралуы жаңа саяси ойға түрткі болады. Қоғамда бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуы керек. Дәстүрлі мәдени құндылықтарды насихаттау қажет», - дейді сарапшы.




Яндекс.Метрика