Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Қытай төтенше жағдайларды жою саласында ынтымақтастыққа келді

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Астана қаласы28 Мамыр , 15:23

Келісімге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божко мен Қытай Халық Республикасы Азаматтық әкімшілік вице-министрі Ли Цзян қол қойды, деп ведомствода хабарлады.

Аталмыш келісім қауіпті техногендік үрдістер мен табиғи құбылыстар мониторингін, төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе орын алған кезде әлеуетті қауіпті объектілер мен қоршаған ортаның жәй-күйі туралы өзара хабардар ету, төтенше жағдайларды болжау туралы ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастықты болжамдайды. Халықтың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындығын ұйымдастыру, өнеркәсіптік авариялар, апаттар мен дүлей зілзалалар салдарынан ықтимал ластануға байланысты қоршаған орта мен халыққа төнетін қауіп-қатерлерді бағалау бойынша тәжірибе алмасу көзделген.

Сондай-ақ келісім төтенше жағдайларды жою кезінде тиісті мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыруды және үйлестіруді, трансшекаралық өзендерде дүлей зілзалалардың орын алуы ықтималдығы туралы алдын алу және жедел хабардар ету, ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асыру, ғылыми-техникалық әдебиет пен зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен алмасуды айтады. 

Бұдан өзге келісімде көмек көрсету жөніндегі топтардың мемлекеттік шекара арқылы өту шарты мен олардың сұраушы тараптардың мемлекеттің аумағына келуі режимінде, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою кезінде көмек көрсету үшін жарақтау мен қамтамасыз ету материалдарын енгізу және шығару шарттары жазылған.

           




Дерекнама

Яндекс.Метрика