Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Түркияның Бас прокурорлары меморандумға қол қойды

Түркия Республикасының Бас прокуроры Хасан Эрбилдің Қазақстанға іссапары болып, оның барысында Бас Прокурор Асхат Дауылбаевпен екіжақты кездесуі өтті.
Астана қаласы28 Мамыр , 15:03

А.Дауылбаев екі елдің заңдылықты нығайту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріндегі Түркияның құзыретті органдарымен тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Осы орайда екі ел арасында толық ауқымда құқықтық саладағы мемлекетаралық келісімдерге қол қойылғаны айтылды, деп Бас прокуратурада хабарлады.

Кездесу барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, терроризм мен экстремизм, киберқылмыс және т.б. төтеп беру саласындағы өзекті ведомствоаралық мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасу орын алды. Әңгімелесушілер атап өткендей, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заманауи стратегиялық мақсаттар аясында қазіргі заман проблемаларына төтеп беруде күш-жігерді ары қарай жұмылдырудың маңыздылығы арта түсті.

Түркияның Бас прокуроры қазақстандық әріптесіне ұйымдастырылған қабылдау үшін алғысын айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін хабарлады.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы бас прокуратуралары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.




Яндекс.Метрика