Евразиялық одақ

Отандық өндірушілер Ресей мен Беларусь елінің бірлескен импортына рұқсат алады - Б.Байбек

Қазақстандық тауар өндірушілер Ресей мен Беларусь елінің 360 млрд. доллар көлеміндегі бірлескен импортына рұқсат алады. Бұл туралы «Еуразиялық экономикалық одақтың сабағы» ашық сабағында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.
Астана қаласы28 Мамыр , 14:34

«Көптеген кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс істейді. Еліміздің мемлекеттік сатып алу нарығы - 7 млрд. долл. құраса, Ресей мен Беларусьте  ол - 360 млрд. долларға тең. Демек, отандық тауар өндірушілер электронды сатып алу арқылы қомақты қаржыға, үлкен нарыққа  рұқсат алады», - деді Б. Байбек.

Сонымен оның айтуынша, Қазақстан 17 милионды нарықты ашу арқылы Ресеймен Беларусьті  қосқанда 153 млн. халқы бар нарыққа шығуға мүмкіндік алады.

«Бүгінде Кедендік Одақ елдері әлемде мұнай мен газды өндіру бойынша 1 орында, минералдық тыңайтқыштардың өндірісі бойынша 2 орында, электрэнегриясы саласында  3 орында, бидай, көмір және болат өндірісі бойынша 4 орында тұр. Оның үстіне, әлемде  ЕАЭО мүше болып отырған Ресейдің алтынвалюта қоры 3, ал экономикасы 5 орында тұр», - деп ол атап өтті.

Сонымен қатар, Б.Байбек, экономикалық интеграция шеңберінде сапалы тауар мен қызметтер арасында үлкен таңдауға ие болады, деп баса айтты.

«Ашық бәсекелестік импортталған және жергілікті өнімнің бағасын төмендеуіне алып келеді»,- деп Б. Байбек сөз соңында атап өтті.

Индира Кауметова 




Яндекс.Метрика