Евразиялық одақ

ЕАЭО аясында кәсіпкерлер үшін барлық кедергілер жойылады – М.Мұқанов

Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім аясында кәсіпкерлер үшін барлық кедергілер жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Экономикалық зерттеу институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов мәлімдеді.
Астана қаласы28 Мамыр , 13:58

«Келісімге қол қою кәсіпкерлердің мемлекеттер арасында өзара байланыс құруына жеңіл болуы үшін экономиканың түрлі салаларындағы шектеулер мен кедергілерді жоюға бағытталған. Бәрінен бұрын ол кедендік шектеу, техникалық реттеулер, мен фито-санитарлық қызметтердегі алуан түрлі шектеулер. Келісім арқасында Ресей мен Беларусьтің транспорттық инфрақұрылымына кәсіпкерлердің жолы ашылмақ», - дейді М.Мұқанов.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге ірі  өткізу нарығына қолжетімділік те арта түспек. «Осы орайда екі триллиондық нарықтың есігі ашылып, кәсіпкерліктің дамуына жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Біздің кәсіпкерлер әріптес екі елдің газ-транспорттық жүйелеріне қосылуға мүмкіндік беретін жалпы энергетикалық нарыққа жол тартады», - дейді ол.

Бұдан бөлек техникалық кедергілерді алып тастау жұмыстары жүргізіледі. Ол өз кезегінде қазақстандық тауар өндірушілерге оң пайдасын беріп, құжат айналымы мен өзге де процедураларды қысқартады. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика