Евразиялық одақ

ЕАЭО аясында ортақ тауар нарығы құрылады – М. Мұқанов

Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ тауар нарығы құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның президенті Мақсат Мұқанов мәлімдеді.
Астана қаласы 28 Мамыр, 13:08

«Бірқатар ортақ нарық құрылады. Бұл – экономикалық нарық, ауыл шаруашылығы нарығы, еңбек нарығы.Сондай-ақ, техникалық реттеу, экономикалық саладағы  келісілген саясат жүргізу, субсидия беру, мемлекеттік қолдау бойынша келіссөздер жүреді», - деді М. Мұқанов.

Оның айтуынша, келісім негізгі үш бөлімнен тұрады. Институционалдық бөлікте басқару органдарының құқығы, бюджеттік сұрақтарға қатысты мәселелер қарастырылған. Мазмұнды бөлігі экономиканың маңызды салаларындағы реттеуді қамтиды. Қазіргі уақытта 19 сала бойынша экономикалық қарым-қатынас мәселелері реттеледі. Келісім аясында ортақ тауар нарығы құрылады. Тауарлар, капитал, еңбек ресурстары мен қызметтердің еркін жылжуы реттеледі.

«Бұл бағытта сала біздің елдер үшін жоғары жетістікке ие. Бүгін Қазақстанның экономикасында қызмет көрсету 53 пайызды құрайды. Біз осы орайда Қазақстаннан КО еліне шыққан экспорттың көлемін өскендігін байқадық», - деді ол.

М. Мұқанов атап өткендей, 3-4 жыл ішіндегі көрсеткіш тауар айналымының өскендігін көрсетті. Оның айтуынша, елдер арасындағы капиталдың өсуі соңғы кезде нығайып, барынша дами бастады.

Ол атап өткендей, биылғы жыл өңірлік интеграция аясында ерекше жыл болады. Ертең тарихи құжат – Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады. Келісім 2015 жылдың қаңтар айынан күшіне енеді. Бұл келісімнің нәтижесінде біздің өңірімізде жаңа сапалы ұйым дүниеге келеді.

Оның айтуынша, келісім экономикалық мәселелер бойынша Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері ынтымақтастығының терең интеграциясына жол салады. Сарапшының пікірінше, ең алдымен көптеген халықаралық келісімдер мен нормативтік-құқықтық құжаттарды бірыңғай жүйеге келтіру жұмыстары жасалады. 

Камила Амирова





Яндекс.Метрика